Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз өткізу үшін Шанхайға барды

Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз өткізу үшін Шанхайға барды
Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласына барды, деп хабарлайды dalanews.kz.

16 шілдеде екі ел басшысының келіссөздері өтеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен өтетін дөңгелек үстелге қатысады.

17 шілдеде Қазақстан президенті WAIC Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында сөз сөйлейді.

Іс-шара "Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбымен өтеді.