Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Қазтаг дереккөзі хабарлады.
«Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті», – деп дереккөз мәлімдеді.
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми жаңа жыл алдындағы саммиті өтеді.
Қазақстан Президентін бұл жиынға Ресей Президенті Владимир Путин қараша айында Қазақстанға жасаған сапары кезінде шақырған болатын.
Еске салайық, 27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алған болатын.
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.