Freedom Inside '26

Тоқаев Ресейге барады

Тоқаев Ресейге барады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.