Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасайды

Тоқаев Құрылтай сайлауы қарсаңында халыққа үндеу жасайды
Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына үндеу жасайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Президенттің халыққа үндеуі сағат 19:00-де республикалық телеарналар арқылы көрсетіледі.

Үндеу 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы қарсаңында жасалмақ.

Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызға жоспарланған. Президенттің бүгінгі үндеуінде елдің алдағы саяси және қоғамдық даму бағыттарына қатысты маңызды мәселелер көтерілуі мүмкін.