Тоқаев Қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Самал Асқар 11 нау. 2026 17:31

Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Dala News.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысының өкімімен Алмаз Дженишевич Джұмакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Алмаз Джұмакеев 2022 жылдың наурыз айынан бері Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін, 2021 жылдың тамызынан 2022 жылдың наурызына дейін Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары – Бас басқарма бастығы болған.

Ал 2021 жылдың маусымынан тамыз айына дейін Қорғаныс министрінің қарамағында болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove