Алдағы уақытта халық қолдап жатса, Қапшағайдың атауы Дінмұхамед Қонаев деп аталуы мүмкін.
Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады, – деді Мемлекет басшысы.