Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент ХХІІ Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер талқыланады.