Тоқаев пен Назарбаевтың айырмашылығы неде? Жәкішев оның сырын айтты...

Dalanews 14 ақп. 2023 11:21 1381

ҚазАтомның экс-төрағасы, саясаткер Мұхтар Жәкішев украиндық танымал журналист Дмитрий Гордонға сұхбат берді. Dalainside канлы Жәкішевтың Тоқаев пен Назарбаевты салыстырған тұсын арна оқырмандарына жеткізуді жөн көріпті.  

Мұхтардың пікірінше, Тоқаев экс-президентке қарағанда әлдеқайда сауатты, білімді. Ол ақшаға келгенде дәл Назарбаевтай ашкөз емес. Дүние-байлыққа деген құмарлығы жоқ. Ақшаны көргенде бүкіл моральдық құндылықтарды жиып теріп, адами принциптерден аттап кететін адам емес.

Осы тұста Гордон: "Демек, Назарбаевта мұндай дерттің болғаны анық қой?" деген сауал қойды. Жәкішев бұған бас изеп жауап берді.

"Иә, бұл дау туғызбайтын ақиқат", – деді ол.

Журналист бұдан сырт Тоқаевтың тұсындағы Қазақстан мен Назарбаевтың дәуірін салыстыруды сұрады.

– Тоқаев кезеңіндегі Қазақстан маған көбірек ұнайды. Себебі, пікір білдіретін, ойыңды ашық мүмкіндік берілуде. Назарбаевтың тұсында негізінен күбір-сыбырмен шектелетін едік. Мұндай билік әдетте халықтың жауы іспетті болып келеді. Қазір біршама айтуға болатын заман. Сөйлеуге шектеу қойылып отырған жоқ. Ой еркіндігі, сөз бостандығы көрден тіріліп келгендей күй кешіп жүрміз.


Десе де, Жаңа Қазақстан толыққанды орнады деп айтуға әлі ерте. Ескі Қазақстанның өкілдері орынтағын сақтап қалды.

Қоғам күткен әділеттілік орнады деуге аузым бармайды. Ал қоғам үшін әділеттіліктен асқан құндылық жоқ. Соның ішінде сот саласындағы сорақы шешімдер азаймай отыр. Аға мен көке, бармақ басты, көз қыстыға құрылған жүйе тамырын тереңге жіберген түрі бар.

Назарбаевтың тұсында төрелік еткен соттар автоматты түрде Жаңа Қазақстанға өтіп кетті, олардың мұртын балта шапқан жоқ, – дейді Жәкішев.

 

Жәкішев Гордонға Путин туралы пікірін де ашық айтыпты, оның төмендегі сілтемеден оқи аласыз.?

Путин жайында

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар