Freedom Inside '26

Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Алматыда бейресми кездесу өткізеді
Ақорда

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.