Freedom Inside '26

Тоқаев жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

Тоқаев жаңа министр Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.