Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президент жеделхатында Испания құрамасының жоғары шеберлігі, ұйымшыл командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйердің ықыласына бөленгенін атап өтті.
«Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда “Атлетико Мадрид” клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін», - делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ VI Фелипеге ел игілігі жолындағы қызметіне табыс тілеп, Испания халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.