Тоқаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Самал Асқар 16 сәу. 2026 17:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Dala News.

Сапар Режеп Тайип Ердоған шақыруымен жүзеге асады.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді.

Сонымен қатар бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.

Анталия дипломатиялық форумы – саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері жиналатын халықаралық алаңдардың бірі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove