Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.