Freedom Inside '26

Тоқаев бірден маңызды төрт заңға қол қойды

Тоқаев бірден маңызды төрт заңға қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар салаға қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі 24 маусымда Мемлекет басшысы төрт заңға қол қойғанын хабарлады.

Атап айтқанда, президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Сонымен қатар Тоқаев машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізетін заңды бекітті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне қатысты заңға қол қойды.

Сондай-ақ цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң да президенттің қол қоюымен бекітілді.

Ақорда қол қойылған заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланатынын хабарлады.