Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінде ауыс-түйіс жүргізді

Көркем Алдабергенова 24 қыр. 2024 11:11 1479

Президент Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде ауыс-түйіс жүргізді, -деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Бұл қызметті бұған дейін Нұртас Қабақов атқарған. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар