Тоқаев Арман Исағалиевті сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады

Тоқаев Арман Исағалиевті сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындады
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Арман Исағалиев сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ол 2020 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі болды.  Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Араб және ағылшын тілдерін  меңгерген.