Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтхожаның 90 жасқа толуына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оның шығармашылығына жоғары баға берді.
Президенттің сөзінше, Марфуға Айтхожа ғұмырын ұлттық поэзияның өрісін кеңейтуге арнап, өз туындыларында қазақ даласын, ел тарихын, халықтың бірлігі мен салт-дәстүрін кеңінен жырлаған.
"Қазақтың дархан даласы мен тамыры терең тарихын, ұлтымыздың ынтымақ-бірлігі мен салт-дәстүрін өршіл де сыршыл өлеңдеріңізге арқау еттіңіз. Оқырман қауым жырларыңызды сүйсініп оқиды және өзіңізді "Қазақтың жыр Аққуы" деп ардақтайды", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақынға зор денсаулық тілеп, алдағы уақытта да өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі болып, халықтың құрметіне бөлене беруіне тілектестігін білдірді.