Тоқаев Алматыға келеді

Тоқаев Алматыға келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға келеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді", - деп жазылған хабарламада.