Алқалы жиында мәселе қаралды. Бірінші кезекте ауданның экономикалық даму көрсеткіші саралады. Сала мамандары 2018 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму индикаторы 74 млрд 718,1 мың теңгені құрағанын алға тартты. Осылайша экономикалық өсім жан басына шаққанда 640,6 мың теңгеге тең болған. Мұның 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 млрд 185,8 мың теңгеге немесе 14,1 пайызға артық екенін байқауға болады. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласынада 2018 жылы 9 айында 24 млрд 503 млн теңгенің өнімі өндіріліп былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстарғанда 4 млрд 777 млн теңгеге артты, ал нақты көлем индексі 107,3 пайызды құрады.
Сондай ақ, ауылшаруашылық саласының өнім көлемі 2018 жылдың 9 айында 25 млрд 419,3 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады деп экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұрбек Ашрапов баяндады.
Ал екенші мәселе ауданға қарасты қала, ауылдық округтеріндегі елді мекендерге су есептегіш құралдарын орнату барысы сөз болып, бұл жайында «Ленгер су» мекемесінің директоры Асылбек Алтаев баяндама жасады. Аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 52 елді мекені немесе 94,5% орталықтандырылған құбыр суымен қамтамасыз етілген.
Жиын қорытындысы бойынша, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлімдері басшыларынан хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша сұрақтар қойып, бірқатар тапсырмалар берді.
Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі