Токио Олимпиадасы: балуан Нұрсұлтан Тұрсынов жеңілді

Dalanews 03 там. 2021 04:10 263

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда жеңілді, деп хабарлайды Dalanews.kz Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды.

Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесуде.

Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды.

Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар