Тобырдың сөзін тыңдамаңыз, Бекболат аға!

Dalanews 13 жел. 2016 06:53 1126

Бекболат Тілеухан соңғы кездері қатты сыналып жүр. Әсіресе, әлеуметтік желілер тым артық кетті.

[caption id="attachment_22122" align="alignright" width="308"] Азамат битан[/caption]

Содан да шығар, күні кешелері Тілеухан "Фейсбукті тізгіндейік" деген болатын. Мұнысынан кейін, ол одан бетер сынға қалды. Халық тілі ащы ғой.

Ол да адам. Шымбайына батады. Қайтсін.

Журналист Азамат Битан елден ерекшеленіп, Бекболат Тілеухан туралы оң пікір айтыпты. Оқыдық. Ойландық. Журналист сөзінің соңын жұтып қойғандай. Кейбір айтайын деген ойларын іркіп қалған. Дегенмен солардың ішінде "халықты тобырға теңеген, Тілеуханды осы тобырдан биік тұрдыға балаған" түйін сөзі қызықтырды.

Мұнымен не айтқысы келді екен (жазба журналистің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды)?

Қазақ қандай? 


Журналистің пікірінше, адам баласы көз ашқалы жаман қасиетке үйір екен. Бұл дерттен қазақ та қашып құтылмапты.

"Әлеуметтік желі сұранысқа ие б­олғалы бері, әлгі дерт онан сайын үдей тү­сті. Меңзеп отырғаным - көпке жағыну, арт­ынан соқыр еру, даусы сәл қатты шыққанны­ң ығына жығыла кету. Мейлі еркек, мейлі ­әйел, айтқанына үздіксіз бас шұлғып, іст­егенін қайталау...


Осы жерден тобыр деген сөз келіп шығады.­ Бақылап қарасақ, бұлардан асқан пайдаңа­ жарайтын құрал жоқ. Қолдарына шырпы ұст­атсаң, жетіп жатыр. Мұндайда "Отқа ұшар көбелек, қарамай, сорлы, алды-артын" дег­ен Мағжанның шығармасы еріксіз тіл ұшына­ оралады... "Ойына кіріп шықпайды, күйді­рер деп от жалын".


Тобыр бір кемшілігіңді көрсе, жүз жақсыл­ығыңды ұмытып, жер аударып жіберуге бар.­ Әттең, тек қолдарында закон қуаты жоқ. ­Дәл осылар жиылып тас атуға құмар, сотта­уға құмар, дұрысты теріске шығаруға шебе­р. Бірақ, білесіз бе, тәртіпке шыдамсыз.­ Бұрылып қарасаң, шырылдап қоя береді. Ж­ұдырық тұрмақ, шапалаққа шыдамайды..." дейді ол.



"Тобыр ас үйде де тобыр"


Журналистің пікірінше,  тобырлық сананың, тобы­рлық мәдениеттің ұшпаққа шыққан кезі жоқ­. Тобыр ас үйде де тобыр. Аузынан боқтық­ шығып жатса да қолын жоғары-төмен серме­п тұра беретін ессіз тыңдармандардан еш ­айырмасы жоқ екен.

"Бекболат аға! "­Сократқа у ішкізген, Ионна Аркті отқа өр­теген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымы­зды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - к­өп, ендеше көпте ақыл жоқ" деп жазып қал­дырған Абайды да сабаған осы көп еді ғой­. Абай шыдаған таяққа жазықсыз атылып ке­ткен Әлихан да, Ахмет те, Міржақып та (Өңкей Жапонның тыңшылары дегендер) шы­даған. Оларды саусақ шошайтып, көрсетіп б­ерген де осы көп еді. Абай шыдаған таяққ­а Мұхтар да (бұл қалай репрессиядан аман қалды, түбі қуыс-ау деген), оның шәкірті Әбіш те (Елбасының қолын сүйді деп бүкіл шығармаларын теріске шығарған) шыдап ­өткен. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да Олжа­с та (Сүлейменов көкемді айтам), сіз де шыдайс­ыз. Сіздер тұрмақ, бала Жамбылға сес көрсетіп, "бұдан сарай­ ақынын қалыптастырмақшы, өлең жазуын то­қтатсын" деп, жұмсақ жүрекке запыранын ша­шып отырған әлеуметтік желінің аса белсе­нді қауымына не айтуға келеді?!" - дейді ол.



"Қорқаулардан қорықпаңыз!"


Битан есептеп шығыпты. Елімізде Фейсбукке тіркелген қауымның саны 300 м­ыңнан асып жығылады екен.

"Ал әлгіндей далаға қарап ұлып от­ырғандардың саны ары кетсе, 5-6 мың қорқа­у. "Халық бұрынғыдай қараңғы емес" деп ж­үрген халықтан садаға кетсін. Жә, он мың­ деп жазалық. Алайда сіздің өнеріңізді б­ағалайтын, ұстанымыңызды құрметтейтін, ж­үзіңізді сағынатын, сөзіңізге ұйитын хал­ықтың саны мың-миллион екенін бір сәтке ­де есіңізден шығармағайсыз" дейді ол бұл ретте.


Сөзінің соңын журналист былай түйіндеді. Оның ойынша, т­обыр да ешқашан тура сөзге тоқтап, нақыл­ды керек еткен емес, етпейді де.

"Олай бо­лса, бірлі жарым әнші-сазгер, бірлі жары­м шенеунік, бірлі жарым ғалым, бірлі жар­ым журналист, бірлі жарым философ-жазушының қызғ­аныш пен көреалмастықтан туған арыз-айқа­йын көңіліңізге алмағайсыз" деп қорытындылапты Азамат Битан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар