Қазылар алқасының шешімімен «ТМД-ға арналған 100 идея» байқауының жеңімпаздары болып түрлі бағыттар мен номинациялар бойынша 12 жоба танылды.
Авиациялық, ғарыштық және көлік жүйелері номинациясында Көкшетау жоғары техникалық колледжінің 5 курс студенті Қайыр Әлихан «Таза сутегімен жұмыс істейтін қозғалтқыш» жобасымен жеңімпаз болып танылды.
Жалпы, байқауда 11 жас қазақстандық 10 бағыт бойынша өздерінің стартап-жобаларын ұсынды.
Атап кетейік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның атынан Ұлттық делегацияны жасақтап, оның құрамына инновациялық идеялары бар талантты жастар кірген болатын.
Байқаудың финалында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның жобалары ұсынылды. Барлық ТМД елдерінен барлығы 50 өтінім берілді.
«ТМД үшін 100 идея» жобасы 2014 жылдан бастап екі жылда бір рет кезеңділікпен іске асырылады. Жоба екі кезеңнен тұрады – Ұлттық (іріктеу) және халықаралық (финал). Жобаға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің авторлық жобаларын ұсынған 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.