Бұл инновациялық бот коммуникация саласындағы үлкен жаңалық және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпаратқа тез қол жеткізгісі келетіндер үшін жаңа мүмкіндіктер береді.
Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады.
Бұл – қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әр түрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік береді.
Осыған орай, пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, оған бірден қазақ тіліндегі мәтінді жіберу арқылы жаңа функционалды қолдана алады.
Ботты Телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады.
Бұл прогрессивті Telegram-бот қазақ тіліндегі ақпаратқа қолжетімділікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол көптеген адамдар үшін пайдалы құралға айналады және цифрлық коммуникациялар дәуірінде қазақ мәдениетінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді.