Шымкентте 18 жастағы екі тұрғын жол ережесін бұзған сәтін әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсеткен. Жазбаны әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Көлікті басқарған 18 жастағы Абылайхан Баймағомбетовке қатысты ұсақ бұзақылық, маневр жасау және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу деректері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ал оның жанында болған 18 жастағы Санжар Алтынбекке ұсақ бұзақылық дерегі бойынша материал жиналды.
Сот шешімімен Абылайхан Баймағомбетов 10 тәулікке, ал Санжар Алтынбек бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.