Freedom Inside '26

Терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды

Терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі

Сәуірде ҰҚК Астана қаласында, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарында діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.

ҰҚК мәліметінше, олардың біреуі бұрын сотталған.

"Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша соталды тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімі шыққан. Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасына терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.