Теңіз кен орнында төтенше жағдай болды

Сағыныш Сардарова 13 нау. 2026 15:56

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында өрт шықты. Оқиғаны "Теңізшевройл" компаниясы растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жоба операторының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдері қазір болған жағдайдың себебін анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, өндірістік жағдайға қатысты ақпарат жарияланған жоқ.

Reuters агенттігінің дерегінше, өрт 11 наурызда кен орнындағы нысандардың бірінде болған. Алайда бұл жағдай мұнай өндіру көлеміне әсер етпеген, өндіріс бұрынғы режимде жалғасқан.

Айта кетейік, Теңіз - Қазақстандағы ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Мұнда Теңіз және Королев кен орындары орналасқан. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove