Тәймерденов те Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталғаны рас па?

Көркем Алдабергенова 28 мам. 2024 18:55 3970

Бас прокуратура Алматының Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке қатысты қауесеттерге жауап берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Прокуратура мәліметінше, Алматы қаласының полиция Департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Осыған орай, Бас прокуратура көрінеужалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Айта кетейік, бірқатар телеграм арнада Қанат Тәймердернов ұсталғаны туралы тараған болатын. 
 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар