«ХҚР» ақпараттық штабының хабарлауынша, барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар таратылады. Қарабақ тұрғындарына онда қалу немесе қалмау турасында дербес шешім қабылдау ұсынылды.
Әзербайжан армиясы бастаған Таулы Қарабақтағы әскери операция бір тәуліктен астам уақытқа созылған еді. Сәрсенбіде армян билігі 32 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланғанын хабарлады.
Түнде майдан маңындағы елді мекендерден мыңдаған адам эвакуацияланды. Сонымен қатар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұрыс аймағында Ресей бітімгерлері қаза тапты.
Әзербайжанның әрекеті Арменияда наразылықтар толқынын тудырды. Ел басшылығын мойындалмаған республика аумағында тұратын армяндарды қорғауға шақыру үшін мыңдаған адамдар митингке шықты.