Тәуелсіздіктің 30 жылдығына – 30 млн ағаш

Dalanews 15 сәу. 2021 10:15 789

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Түркістан облысында 30 миллион ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда. Осыған орай Бәйдібек ауданында 30 мың ағаш отырғызу шарасы бастау алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәйдібек ауданының еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен ауыл жастары қолдарына күрек алып, ауылының кіре беріс жолдың екі шетін арнайы шарбақпен қоршап, 2000 мың түп тал екті.

Ғылыми есептеулер бойынша 1 гектар орман жылда 18 млн текше метр ауаны тазартады. Немесе, сол орман бір күнінң ішінде 11 тонна улы көмірқышқыл газдарын бойына сіңіріп, ыдыратып отырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар