Тәуелсіз Қазақстан тарихында өткен референдумдар

Самал Асқар 11 ақп. 2026 19:58

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер бойынша бірнеше республикалық референдум өткізілді, деп хабарлайды Dala News.

1995 жылғы 29 сәуірде Президенттің өкілеттік мерзімін ұзарту мәселесі бойынша референдум өтті. Сол жылдың 30 тамызында жаңа Конституция қабылданып, қазіргі Ата заң күшіне енді.

2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум ұйымдастырылып, саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған түзетулер қабылданды.

2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық дауыс беру өтті.

Ал 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум белгіленді. Онда жаңа Конституция жобасы халықтың қарауына ұсынылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove