Тау-кен саласының көшбасшысы "Қазақмыс" – төрт облыстың экономикасын алға сүйреген локомотив (видео)

Dalanews 22 жел. 2023 09:37 909

"Қазақмыс" – республикадағы тау-кен металургия саласының көшбасшысы. Компания еліміздің 4 облысында қызмет жүргізіп, мемлекетіміздің экономикасына едәуір әсерін тигізуде. “Қазақмыстың” пайда болуы да ел тарихында өз ізін қалдырды. Олай болса, геология саласындағы бірнеше кезеңдерге тоқтала кетейік.

Әлем әр минут сайын өзгеріп, жаңа міндеттер, идеялар мен технологиялар ғаламшарды алға жетелеуде. Осы тұста адамзаттың даму кезеңінде пайдалы қазбаларды өндіру де маңызды рөл атқарады.

110 жыл бұрын Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстары басталды. Әлемде жаңа кен орындары, кеніштер мен зауыттар да құрыла бастады. Ал 1967 жылы қазақтың мысы Лондон металдар биржасында "сапа этальоны" деп аталды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін тау-кен металургия саласына да инвестициялар тартыла бастады.

Осы тұста бүгінде 40 мыңға жуық Қазақстан азаматтары жұмыс істейтін "Қазақмыс" компаниялар тобы пайда болды. “Қазақмыс” барлау, өндіру, байыту және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізіп, жоғары сапалы өнім шығарады.

Қазақмыс – бұл шахталар, кеніштер байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары, отын энергетикалық кәсіпорындары, геологиялық барлау мен машина жасау комплекстері және тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу мен жасыл эгнергетика саласындағы компания.


Компания – жоғары өндіріс пен ғылыми техникалық әлеуетке және білікті мамандарға ие болып, әрқашан өндіріс көлемін арттырып, ел экономикасының дамуына үлес қосуда.

Сонымен қатар, компания өңірлердегі тұрмыс деңгейін көтеруге күш салуда. Ал өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету шаралары “Қазақмыс” үшін үлкен маңызға ие. Компанияның басты құндылығы – адамдар. Біліктілік пен тәжірибе арқылы “Қазақмыс” болашаққа бағдар алуда.

https://www.youtube.com/watch?v=9Mq2PFoltKA&t=1s

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар