Татьяна Белова түрмеге отырады: Алматы қалалық соты ақтау үкімін жойды

Татьяна Белова түрмеге отырады:  Алматы қалалық соты ақтау үкімін жойды

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Татьяна Беловаға қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Белова бопсалау және көрінеу жалған сөз жеткізу (көрінеу жалған арыз беру) эпизодтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кету керек, Алматыда бір жылдан бері кәсіпкер Владислав Лихачев пен оның бұрынғы енесі және әйелі арасындағы сот дауы жалғасатын болды. Бүгін Алматыда өткен баспасөз конференциясында бұрынғы енесі Лилия Аношина мен заңгер Татьяна Беловадан зардап шектім деген ресейлік азамат аппелияциялық шағым түсіргенін мәлімдеді. Жоғарыдағы екі тұлғаға қатысты қозғалған қылмыс іс негізінде Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылғы 21 мамырда үкім шығарған. Сот Татьяна Белованы екі бап бойынша кінәлі деп тауып, тағы бір бап бойынша ақтап шыққан

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Белованы бопсалау айыбы бойынша ақтап, оны тек көрінеу жалған сөз жеткізу қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты жаза тағайындаған болатын. Жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, соттың дәлелдемелер мен істің нақты мән-жайларына толыққанды құқықтық баға бермегенін көрсетіп, апелляциялық шағым түсірді.

Апелляциялық сот алқасы жәбірленушілердің адвокаттары келтірген негізгі уәждермен келісіп, Белованың бопсалауға жәрдемдескені дәлелденді деген қорытындыға келді.

Сот алқасы Татьяна Белованың жәбірленуші туралы жағымсыз сипаттағы материалдарды дайындап, оларды Лилия Аношинаға бергенін анықтады. Кейіннен бұл материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, жәбірленушіге қысым көрсету мақсатында пайдаланылғаны белгілі болды. 

Сонымен қатар, сот алқасы lianoshina@proton.me электрондық пошта мекенжайының Лилия Аношинаға тиесілі екенін нақты анықтады. Ол аталған қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылып, халықаралық іздеуге жарияланған еді. 

Жәбірленушілердің адвокаты Александр Борисенковтың айтуынша, сот алқасы шығарған үкім заңдылықтың қалпына келтірілуін қамтамасыз етіп, бірінші сатыдағы сот тиісті деңгейде назар аудармаған дәлелдемелерге лайықты құқықтық баға берді.

“Тінту жүргізу барысында Татьяна Белованың жұмыс кабинетінде өзіне тиесілі моноблок тәркіленді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сараптама нәтижесінде жойылған файлдар қалпына келтірілді. Аталған файлдарда менің сенім білдірушімнің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жағымсыз мәліметтер болған. Белова бұл файлдарды тергеу органдарынан жасыруға әрекет жасаған”,– дейді адвокат. 

Белова дәл осы материалдарды өзінің сыбайласы Лилия Аношинаға берген. Кейіннен бұл материалдар жәбірленушіге ірі көлемдегі ақша қаражатын беруді талап еткен әрі қорқыту сипатындағы хаттарды әзірлеуге негіз болған. Сарапшы маманның қорытындысына сәйкес, аталған материалдардағы мәліметтер жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Сондай-ақ олардың жәбірленушіге жолданған қорқытып-үркіту хаттарында қамтылған мәліметтермен бірдей екендігі дәлелденген.

Сот алқасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңды күшіне енген бірқатар сот шешімдерін назарға алды. Осы сот актілерімен аталған мәліметтердің барлығының шындыққа сәйкес келмейтіні, яғни жалған екендігі анықталған. Жақында жәбірленуші Владислав Лихачев пен оның адвокаттары күдікті Белованы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген алаяқтық эпизоды бойынша да кінәлі деп табуды сұраған.

Жәбірленуші деп танылған кәсіпкер өз арызы негізінде 200 мың АҚШ долларынан астам қаражаттың қайтарылмауына байланысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп ҚР Бас прокурорына арыз жазған. Ал 2024 жылы керісінше оның енесі Анюшина мен оның танысы Белова Ресейде тұратын кәсіпкердің өзін айыптап, құқық қорғау органдарына арызданған. Лихачевке қарсы Қазақстанда қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жаряланады. Полицияға өзі келіп түсініктеме берген соң, тәртіп сақшылары оның бұрынғы енесі Лилия Аношина мен оған заңгерлік қызмет көрсететін Татьяна Беловаға қатысты үш баппен іс қозғады. Бопсалау, алаяқтық және құқық қорғау органдарына көрнеу жалған ақпарат берген деген баптармен бұл іс сотқа жолданады. 

Лихачевтің айтуынша, көлемі 250 мың АҚШ долларын әйелінің анасы Анюшина мен заңгер Беловаға штелден 5 автокөлік әкелу үшін берген. Алайда бұл қаражатты өз пайдаларына жаратқан екі әйел Лихачевтің өзіне жала жауып, тергеу органдарына жалған мәліметтер берген. Сөйтіп көлік әкеліп сатуды жоспарлаған бизнесменді қорқытып-үркіткен. Оны дәледейтін аудиожазбалар мен өзге де дәлелдер сараланып, бұл іс бойынша Владислав Лихачев жәбірленуші деп танылды.