Тасмағамбетовтың тәбеті... Имекең әйелдерге арнап көрме өткізбек

Қаракөз Амантай 05 нау. 2024 16:17 4258

6 наурыз күні сағат 16.00-де Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың жеке коллекциясынан "Зергерлік өнер" атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Көрменің мақсаты – зергерлік өнерді кеңінен насихаттау және келушілерді Иманғали Тасмағамбетовтың жеке коллекциясындағы зергерлік бұйымдармен таныстыру.

"Көрмеге қойылған зергерлік бұйымдар әр дәуірдегі шеберлердің сабақтастығын көрсетіп, Қазақстан, Орталық Азия және кавказ халықтарының мәдениетінің өзара байланысын айғақтайды. Көрмеге кеуде және ғибадатхана әшекейлері, сырғалар, білезіктер, сақиналар, гигиеналық жинақтар, ілмектер, хош иісті майларға арналған амфоралар, күмістен жасалған косметикалық сөмкелер, тастар мен дәндермен безендірілген қораптар мен тарақтар, белдіктер, түймелер сияқты бұйымдар қойылады", - делінген хабарламада.

Мұндай зергерлік бұйымдарды алғашында Тасмағамбетовтің әжесі жинап, немересін жастайынан зергерлік өнерге баулығаны аталып өткен. Осылайша, шенеунік зергерлік бұйымдарға қызығып, коллекция ретінде жинау оның сүйікті істіне айналған.

"Зергерлік өнер" көрмесі 7 сәуірге дейін жалғасады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар