"Қазақстан гольф федерациясының бас хатшысы Ербол Бұхарбаевтың айтуынша, федерация төралқасы отырысының шешімімен Иманғали Нұрғалиұлы гольф федерациясының президенті болып сайланды. Құрметті президент болып Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ол - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы.
Иманғали Тасмағамбетов әр жылдары президенттің көмекшісі, премьер-министр, Атырау облысының, Алматы мен Нұр-Сұлтанның әкімі қызметтерін атқарған.
Оның соңғы ресми лауазымы - 2017-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі. Осыдан кейін зейнетке шықты.