Ташкентте уланған қазақстандық балалардың бір бөлігі ауруханадан шықты

Ташкентте уланған қазақстандық балалардың бір бөлігі ауруханадан шықты
ашық дереккөз

Ташкентте уланып, ауруханаға түскен қазақстандық балалардың бір бөлігі емделіп, үйлеріне жіберілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Ташкентте ем қабылдап жатқан қазақстандық балалардың жағдайы жеке бақылауымда. Өзбекстандық әріптестерімізбен тұрақты байланыстамыз және жағдайды мұқият қадағалап отырмыз", - деді министр.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қалған науқастардың жағдайы жақсарса, олар да алдағы күндері ауруханадан шығуы мүмкін.

Айта кетейік, кеше Өзбекстан прокуратурасы осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ведомство мәліметінше, 13 адам ауруханаға жатқызылған.