Бүгін Талғар ауданы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында облыстық және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер Асқар Сүлейменов, Амангелді Сембаев, Жұмахан Еңкебайұлы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне барды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды. Қойылған сұрақтарға толық жауап берді, көтерілген мәселелерді сайлау алдындағы бағдарламаға енгізіп, бақылауға алды.