Қайдар Әлиханұлы Әбдіханов 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын мал шикізатын тауарлаушы инженер және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талғар қаласында "Айгерім" ЖШС директорының коммерциялық қызмет бойынша орынбасары болып бастады.
1999-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кеден органдарында үздіксіз қызмет етті.
Кейін Қостанай облысында "Қостанай-ЦТО", "Жетіқара" кеден бекеттерінің басшысы лауазымын атқарды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінде жұмыс істеді, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі болды.
2018 жылдың маусымынан – Талғар ауданы әкімінің орынбасары.