Талдықорғанда танысынан ақша алған прокурорға сот үкім шығарды

Қаракөз Амантай 06 қыр. 2024 10:22 1937

Талдықорған қалалық сотында қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінген прокурордың ісі қаралды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот барысында экс-шенді танысының қылмыстық ісін оңды шешуге көмектесуге уәде беріп, оның 2 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтық жолмен алғаны дәлелденді.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, келген зиянды толық өтеген. Жәбірленуші сотталушыны кешірген.

Судья бұрынғы прокурорды кінәлі деп танып (ҚР ҚК 190-бап 3-бөлім, 2 тармақ), оған 19 463 180теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады.

"8 маусым А. Талдықорған қаласында бола тұрып, облыстық прокуратураның мемлекеттік айыптауды қамтамасыз ету басқармасының лауазымды тұлғасы, прокурор бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық мақсатты көздеген.

Осы мақсатпен А. қызықтырған қылмыстық істі онды шешуге көмектесуге уәде беріп, өзінің танысы К-ны жаңылыстырған. Алайда, А-ның істі тергеуге қатысуға ешқандай ниеті болған жоқ. Осылайша А. оның 1,9 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденді", - делінген қалалық соттың хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар