Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған өкім мәтінінде.
Айта кетейік, бұған дейінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысы 15 мамырда өтті.