Шымкент қаласының Абай ауданындағы Ынтымақ шағынауданында жеке тұрғын үй мен шаруашылық құрылысының шатыры өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өрттің жалпы аумағы 275 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қызыл жалынды толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ мәліметінше, өрт туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына ведомствоның тиісті бөлімшелері жедел жіберілген. Құтқарушылар өрттің көршілес нысандарға таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаған.
Ведомство өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.