Freedom Inside '26

Шымкентте бойжеткеннен ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

Шымкентте бойжеткеннен ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
Фото: видеодан скрин

Шымкентте  полиция қызметкерлері есірткі сақтады деген күдікпен жас қызды ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің сөмкесін тексеру кезінде жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ одан электронды таразы мен есірткіні бөлшектеп орауға арналған құралдар тәркіленген.

Кейін тәртіп сақшылары күдікті жалға алып тұрған пәтерге тінту жүргізген. Нәтижесінде әрқайсысының салмағы шамамен бес грамнан келетін есірткі заты салынған тағы 32 орама анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.