Шымкент мұнай өңдеу зауытында электр қуаты уақытша үзілді

Шымкент мұнай өңдеу зауытында электр қуаты уақытша үзілді
kmg.kz

Шымкент мұнай өңдеу зауытында сыртқы электр желісіндегі кернеудің қысқа уақытқа төмендеуіне байланысты электр қуатында іркіліс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Зауыттың мәліметінше, KEGOC-тың 220 кВ сыртқы электр желісіндегі кернеу уақытша төмендеген. Электр қуаты қалпына келтіріліп, мамандар технологиялық қондырғылардың бірін қайта іске қосып жатыр. Қалған нысандар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.

Кәсіпорын өкілдері оқиға мұнай өнімдерінің тәуліктік өндіріс көлеміне әсер етпегенін және отын жөнелту жұмыстары штаттық режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Зауытта мұндай жағдайлардың салдарын барынша азайтуға автоматика мен апатқа қарсы қорғау жүйелері мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы тағы бір ірі мұнай өңдеу кәсіпорны – Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан болатын.