24 тамыз күні сағат 19:31-де Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 257 шақырым оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында 2 балл болды. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Мамандар сейсмикалық жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр. «Қазселденқорғау» қызметінің мамандары гидротехникалық нысандарды, өзен арналары мен қауіпті учаскелерді тексерген.