Freedom Inside '26

Сүйінші, ағайын! Меруерт Өтекешоваға қатысты ел асыға күткен қуанышты хабар тарады

Сүйінші, ағайын! Меруерт Өтекешоваға қатысты ел асыға күткен қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Аты аңызға айналған актриса Меруерт Өтекешова ғалым әрі саяхатшы Шоқан Уәлиханов туралы түсірілетін "Шоқан" атты көркем-деректі драмада рөл сомдайды. Картина толықметражды болады. Жақында фильмге арналған онлайн-кастинг аяқталған. Жобаның авторы – журналист Майя Бекбаева, деп хабарлайды dalanews.kz.

Фильмнің Instagram-дағы ресми парақшасында жазылғандай, Өтекешова Уәлихановтың әжесі – Айғаным Сарғалдаққызының рөліне бекітілген. Бекбаева фильмді "Жетісу" телеарнасы үшін Президенттік бастамалар қорының "Дара" қорының қолдауымен түсіреді. Картинаның экранға қашан шығатыны әзірге нақтыланбаған.

Тарихшылардың пікірінше, Айғаным Сарғалдаққызы Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуына үлкен ықпал еткен. Дәл осы әжесі Шоқанды 12 жасында Омбы кадет корпусына оқуға жіберуді қолдаған.

Фильмдегі басты рөлді актер Ерлан Құлмырзин сомдайды. Ол "Сәлем, Еуропа" және "Пацаны" секілді қазақстандық картиналар арқылы көрерменге таныс.