Қазақстандық әнші Кенжебек Жанәбілов Мемлекет басшысының жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, өзін қолдап жүрген барша тыңдарманына алғыс айтты.
"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында президентіміздің жарлығымен "Құрмет" орденіне ие болдық! Баршаңызға алғысымыз шексіз, аман болыңыздар!" – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Айта кетейік, "Құрмет" ордені елдің әлеуметтік-мәдени дамуына, сондай-ақ ғылым, білім, өнер және басқа да салаларға елеулі еңбек сіңірген азаматтарға табысталатын мемлекеттік марапаттардың бірі.