Жамбыл облысының Шу қаласында аурухана аумағындағы кәріз құдығына түскен екі қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник құдық ішінде өзін жайсыз сезініп, көмек шақырған. Оның дауысын естіген зертхана қызметкері әріптесін құтқару үшін шамамен үш метр тереңдіктегі құдыққа түскен. Алайда ол да улы газға уланып, есінен танып қалған.
Кейін көмекке ұмтылған үшінші қызметкер де құдыққа түсіп, сыртқа шыға алмай қалған.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бір қызметкер ғана аман қалған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.