Студенттерге орын жетпей жатқанда Сәтбаев атындағы университеттің жатақханасы бизнеске заңсыз берілген

Сағыныш Сардарова 21 мам. 2025 12:19

Алматыда аудан прокуратурасы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (КазНИТУ) жатақханасын қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түрксіб ауданының прокуратурасы "Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ мүлкі заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады.  

Жатақхана жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тендер ұйымдастырмастан және оны өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 аса жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануға берген.  

"Кейін мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзып, ЖОО осы үй-жайды сатып алған. Ғимарат жатақхана мақсатына сай пайдаланылмай, бизнестің түрлі салаларына жалға берілген", - деп жазылған хабарламада.

Соттың заңды күшіне енген шешімдерімен даулы әкімшілік ғимарат ұлттық университетке қайтарылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар