Степногорскіде әйел сәбиімен бірге жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы жағдай 19 тамызда таңғы сағат бес шамасында болған. Әйел туыстарының үйінде қонақта болған.
Ол қолында жеті айлық қызын ұстап тұрған күйі терезеден құлап кеткен. Анасы мен сәбиі оқиға орнында қаза тапты.
"Әйел мен оның кішкентай қызының 7-қабаттан құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептері мен мән-жайлары тергеу барысында анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті өкілі.