СҚО-да ветеринар малдан бруцеллез жұқтырған

Сағыныш Сардарова 21 қар. 2025 15:50

Солтүстік Қазақстан облысында ветеринар малдан бруцеллез жұқтырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында болған. Мәліметке сүйенсек, дерттің көзі - ауру мал.

"2025 жылы бруцеллез бойынша 1 жағдай тіркелді. Науқас Пресновка ауылында тұрады. Ауру жануармен байланыс (шикі сүт ішу) арқылы жұққан. Ошақта уақытылы эпидемиялық шаралар жүргізілді, байланыста болған адамдарға медициналық бақылау белгіленді", - деп жазылған мәліметте.

Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығына шағымы жоқ.

Айта кетейік, бруцеллез (сарып) - жануардан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Жұқпалы ауру көзі - бруцеллезбен ауыратын жануарлар (қой, ешкі, ірі қара мал, шошқа, ит, кейбір жағдайда бұғы, түйе, жылқы малы).

Мамандар ауру малдың, тексерілмеген мал сүтін, шикі сүтті ішуге, кез келген жерден сүт, сүт өнімдерін сатып алуға болмайтынын ескертті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар