СҚО-да үш әкім тәртіптік жазаға тартылды

Көркем Алдабергенова 28 шіл. 2025 13:19

Солтүстік Қазақстан облысында үш аудан әкіміне қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Бұл туралы өңірлік мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот жер даулары мен мемлекеттік сатып алу нәтижелерін даулауға қатысты әкімшілік істерді қарау барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларының бұзылғанын анықтаған. Облыс әкіміне үш жеке қаулы жолданып, олардың барлығы заңды күшіне енген.

Бірінші жағдай:

Сот аудан әкімінің жол бойындағы дәмхана құрылысына эскиздік жобаны келісуден бас тартуға байланысты жазбаша шағымды қарамағаны үшін жеке қаулы шығарған.

"Құрылыс бөлімінің әрекетіне түскен шағымды аудан әкімі өзі қарап шешуі тиіс болатын. Алайда ол керісінше, бұл шағымды дәл сол  шағымданып отырған органға қайта жолдаған. Бұл – төмен тұрған мемлекеттік орган шешіміне түскен шағымды жоғары тұрған орган қарауы тиіс деген ӘРПК талабының бұзылуы", – делінген сот хабарламасында.

Екінші жағдай:

Сот аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жолдарды пайдалану бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижелерін заңсыз жойғанын анықтады. Бөлім бұл әрекетін аудиттің болмаған шешіміне сілтеме жасап түсіндірген.

Мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған тарап – талапкер. ЖКХ бөлімі өз қателігін мойындаған және аудит департаментінен оның әрекеттерінің заңсыздығы туралы ресми хаттар түскеніне қарамастан, аудан әкімі сотта талапкердің талабын қанағаттандырмауды сұраған.
Сот әкімнің бұл әрекетін өзінің құрылымдық бөлімшесін қорғау деп бағалады.

Үшінші жағдай:

Сот аудан әкімдігінің фермерлік шаруашылыққа ауыл шаруашылығы жерін ұзақ мерзімді жалға беру туралы қаулысын заңсыз деп таныды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар